Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Фото: Алматы әкімдігі

Не болды?

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шарада Медеу спорт кешенінде Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты жиынға 1,5 мыңнан астам адам жиналды.

Ту, Алматы, рәміздер күні
Фото: Алматы әкімдігі

Ту көтеру рәсімінен кейін мерекелік бағдарлама шығармашылық ұжым мен қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен өткен концертке ұласты.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматының барлық ауданында түрлі патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Қала тұрғындары саябақтарда, білім беру ұйымдарында мемлекеттік әнұранды бірге орындады.

Ту, Алматы, рәміздер күні
Фото: Алматы әкімдігі

Мерекеге орай конференциялар, танымдық акция мен жастарға арналған арнайы челлендждер өтті. Сонымен қатар Арбаттағы аумағы мен «Алматы» қонақүйінің қасбетіне Мемлекеттік ту ілінді.

Мерекелік іс-шараның қорытындысы ретінде  сағат 17:00-де басталып, 21:00-ге дейін Көктөбеде ашық аспан астында концерт ұйымдастырылады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі өзгереді.