19 сәуірде еліміздің көп бөлігінде қатты жел соғады

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына қарағанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұршақ жауады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында да 23-28 м/с жел соғады, кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел 23 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола облысында бұрқасын соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында күн тұманды болады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл, Ақмола облыстарында және Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды.