Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді

Қазақстан Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді.

Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде қызметке кірісті. Ол Қазақстан халқына ант берді. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты.

ДереккөзInform.kz