Басты бет / Жаңалықтар /
The World’s Вest. Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Youtube.com

Димаш Құдайберген The World’s Best шоуынан шығып кетті

Димаш Құдайберген үшінші турда Adagio композициясын орындады.

Өнер көрсеткеннен кейін әнші қазылар алқасын таңғалдыратын мәлімдеме жасады. Ол шоуға қатысудан бас тартып, қазылар алқасынан түсіністікпен қарауды сұрады. Оның айтуынша, әнші балалармен бәсекеге түсуді қаламайды.

Енді финал үшін жолдамаға қазақстандық Данэлия Төлешова мен үндістандық Лидиян Надхасварам таласады.

Димаш Кудайбергенов 3 тур/ Dimash Final World's Best

The World’s Вest — CBS телеарнасындағы талантты адамдар туралы бағдарлама. Шоудың қазылар алқасының құрамында актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл, актер Ру Пол және ағылшын комигі Джеймс Корден бар. Қатысушылардың өнерін үш негізгі төреші мен әлемнің түрлі еліндегі 50 сарапшы бағалайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram