The World’s Вest. Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова үшінші кезеңге өтті

Димаш итальян әншісінен, Данэлия жапон қарсыласынан басым түсті.

Димаш Құдайберген шоудың екінші кезеңінде америкалық музыкант Эрик Карменнің All by Myself әнін орындады. Димаш қарсыласы итальян әнші Кристина Скуччианы 94-39 есебімен жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алды.

Ал Данэлия Төлешова The World’s Вest екінші кезеңінде Stone Cold әнін орындады. Данэлия бұл әнді Украинадағы таланттар шоуында орындап, жеңіске жеткен еді. Данэлияның қарсыласы Жапониядан келген скрипкашы Манами Ито болды. Қазылар алқасының бағалауы бойынша Данэлия 71-60 есебімен үшінші кезеңге өтті. Жапон скрипкашы Манами Итоның оң қолының жоқ екенін еске сала кетейік. Ол байқауда жасанды қолмен өнер көрсетіп жүрген.

Мен кішкентай супержұлдыздың дүниеге келгеніне куә болдым деп ойлаймын, — деді қазылар алқасының мүшесі Ру Пол Данэлияның орындауынан кейін.

Ру Пол Димаш Құдайбергенге ең жоғары ұпай — 50 балл берді.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова CBS телеарнасының The World’s Вest шоуына қатысып жатыр.

The World’s Вest – CBS телеарнасындағы талантты адамдар туралы бағдарлама. Шоудың қазылар алқасының құрамында актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл, актер Ру Пол және ағылшын комигі Джеймс Корден бар. Қатысушылардың өнерін үш негізгі төреші мен әлемнің түрлі еліндегі 50 сарапшы бағалайды.

ДереккөзTengrinews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Дәурен Сейітжанұлы: Президент сөзінен кейін спортты дамыту кешенді түрде жүзеге асады деп ойлаймын

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясында біршама бастама, бағдарлама қолға алынатынын айтты. Сөз арасында спорт инфрақұрылымын дамытудың жолын көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлерді сынға алды

Мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алды.

Доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

Мемлекет басшысы үкіметке жоғары баға берді

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің жалпы отырысында үкіметтің атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Алматыда құны 6 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды.