26 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, арагідік жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Республиканың оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда бүгін Ақмола облысында 18 м/с жел мен боран соғады, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында да боран соғып, тұман түседі, жел күшейеді.
Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін, жел күшейіп, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады. Павлодар облысында жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейіп, боран соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Атырау, Маңғыстау облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады.
Алматы, Қызылорда облыстарында және Алматыға іргелес аумақтарда су тасқыны қаупіне байланысты, Маңғыстау облысында тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.
26 ақпан күні Астанада 2 градус аяз, Алматыда 8-10 градус жылы, Шымкентте 10-12 градус жылы болады. Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 26-28 ақпан күндері қар жауып, боран соғатынын, бірақ ауа температурасы жоғарылайтынын хабарлаған еді.
