Не болды?
2026 жылғы Әлем чемпионатында 32 футбол командасы топтық кезеңді сәтті аяқтап, плей-офф кезеңге жолдама алды. АҚШ, Канада және Мексика елдерінің 16 қаласында өтіп жатқан ӘЧ-ға жалпы 48 команда қатысып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
FIFA ұйымы плей-офф кезеңге өткен 32 құраманың ойын кестесін жариялады. Плей-офф кезеңінің алғашқы ойыны 28-нен 29 маусымға қараған түні басталады. Бұл матчта Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) мен Канада құрамалары ойнайды. Ал Чехия, Оңтүстік Корея, Катар, Шотландия, Гаити, Түркия, Кюрасао, Тунис, Иран, Жаңа Зеландия, Уругуай, Сауд Арабиясы, Ирак, Панама, Иордания мен Өзбекстанның ұлттық құрамалары ойыннан шығып қалды.
Топтық кезең қорытындысы бойынша, әр 12 топтан 1, 2, 3-орын иеленген құрамалар арасындағы үздік сегіз команда 1/32 финалға жолдама алды. Енді 1/32 финал, 1/16 финал, ширек финал, жартылай финал және финал кезеңдері өтеді. Әлем чемпионы 2026 жылғы 19 шілдеде АҚШ-тағы Нью-Йорк – Нью-Джерси стадионында анықталады.
1/32 финалдағы матч кестесі
28 маусым, жексенбі:
- Оңтүстік Африка – Канада (Лос-Анджелес стадионы).
29 маусым, дүйсенбі:
- Германия – Парагвай (Бостон, 16:30);
- Нидерланд – Марокко (Монтеррей, 21:00);
- Бразилия – Жапония (Хьюстон, 13:00).
30 маусым, сейсенбі:
- Франция – Швеция (Нью-Йорк – Нью-Джерси, 17:00);
- Кот-д’Ивуар – Норвегия (Даллас, 13:00);
- Мексика – Эквадор (Мехико, 21:00).
1 шілде, сәрсенбі:
- Англия – Конго Демократиялық Республикасы (Атланта, 12:00);
- АҚШ – Босния және Герцеговина (Сан-Франциско, 20:00);
- Бельгия – Сенегал (Сиэтл, 16:00).
2 шілде, бейсенбі:
- Португалия – Хорватия (Торонто, 19:00);
- Испания – Австрия (Лос-Анджелес, 15:00);
- Швейцария – Алжир (Ванкувер, 23:00).
3 шілде, жұма:
- Аргентина – Кабо-Верде (Майами, 14:00);
- Колумбия – Гана (Канзас-Сити, 18:00);
- Австралия – Мысыр (Даллас, 21:30).
Бұл кесте Солтүстік Американың шығыс бөлігіндегі уақыт бойынша белгіленген. Қазақстанмен уақыт айырмашылығы — 9 сағат.
1/16 финалдағы жұптар:
- Германия – Парагвай;
- Франция – Швеция;
- ОАР – Канада;
- Нидерланд – Марокко;
- Португалия – Хорватия;
- Испания – Австрия;
- АҚШ – Босния және Герцеговина;
- Бельгия – Сенегал;
- Бразилия – Жапония;
- Кот-д’Ивуар – Норвегия;
- Мексика – Эквадор;
- Англия – Конго ДР;
- Аргентина – Кабо-Верде;
- Австралия – Мысыр;
- Швейцария – Алжир;
- Колумбия – Гана.
Контекст
Естеріңізге салайық, FIFA футбол матчында расизмге тап болған блогерді Әлем чемпионатына шақырды.
