Алдағы тәуліктерде қар жауып, боран соғады

«Қазгидромет» РМК мамандары 26-28 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Ресейдің еуропалық бөлігінен және Орталық Азия аймағынан жылжитын атмосфералық фронттар алдағы үш тәулікке Қазақстанның көп облысындағы ауа райын анықтайды, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың болжамына қарағанда солтүстік облыстардың кей жерлерінде қар жауып, боран мен екпіні күшті жел соғады, оңтүстікте жауын-шашын, дымқыл қар жаууы мүмкін, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы орташа көпжылдық шамаға жақын, ал кей жерлерде одан жоғары болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да