1 ақпан: Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, Карск теңізі ауданынан суық ауа массаларының енуіне байланысты солтүстік аудандарында ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артып, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде бұрқасын болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Түркістан облысында күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.