28 қаңтардағы ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді. Күндіз екпіні секундына 23-28 метрге дейін артады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.