Қызылорда облысында 86 жолаушысы бар екі автобус соқтығысты

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қараша күні кешкісін Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықта ірі жол апаты болды.

Екі автобуста барлығы 86 адам болған. 43 жолаушы әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, Қармақшы аудандық ауруханасына, алты адам Жалағаш ауданының орталық ауруханасына, бес адам облыстық медицина орталығына жеткізілген.

Қалған 30 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеу тағайындалды.  Апат орнында екі адам қайтыс болды және  ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды, — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.

Оқиға орын алған жерге Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов пен аудан әкімдігінің қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары мен жергілікті полиция қызметінің, сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті және полиция департаментінің басшылары барды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі.

ДереккөзBaq.kz