17 қаңтар күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елімізде жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, өңірлерде мынадай метеорологиялық құбылыстар болады:

Алматы облысы

  • тұман, көктайғақ, 17-22 м/с жел, қардың еруі мен мұздың қозғалуынан таулы аймақтарда өзендер суының көтерілуі;

Атырау облысы

  • тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жел;

Маңғыстау облысы

  • тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел;

Батыс Қазақстан облысы

  • тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жел;

Ақтөбе облысы

  • тұман, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жел;

Қызылорда облысы

  • тұман, 15-20 м/с жел;

Солтүстік Қазақстан облысы

  • тұман, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жел;

Шығыс Қазақстан облысы

  • бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жел;

Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары

  • тұман.

Астанада күндіз 7 градус, Алматыда 3 градус жылы, Шымкентте 15 градус жылы болады.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонмен бірге республиканың солтүстік жартысында қар жауып, бұрқасын соғатынын, оңтүстік жартысында жаңбыр, жылбысқы қар жауып, көктайғақ болатынын, тұман түсетінін, ауа температурасы тағы да нормадан жоғары болатынын хабарлаған еді.