Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыдағы жер үйден полиэтиленге оралған мәйіт табылды

Фото: Аlashainasy.kz

Не болды?

Алматыдағы Түрксіб ауданында полицейлер жер үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның мәйітін тапты. Оқиғаға қатысты үй иесі күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт табылған үйге тергеу тобы дереу жетіп, марқұмның кім екенін анықтаған. Ресми хабарламада көз жұмған азамат үй мен пәтерлерге жөндеу жүргізумен айналысқаны айтылған. Қайғылы оқиға күні марқұм Түрксіб ауданындағы жер үйде болды.

Тергеу барысында үй иесі ұсталды. Оның түсіндіруінше, ер адам белгісіз жағдайда жарақат алып, қайтыс болған.

Күдікті болған жайт туралы полицияға хабарламай, мәйітті жертөлеге жасырып қойған деген болжам бар. Кейін оқиғаны полиция қызметкерлері анықтаған.

Қазір адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, марқұмның нақты неден қайтыс болғаны анықталып жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, Атырау облысы Жаңгелдин ауылындағы бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айып тағылды.

Мақалаға реакция