Алдағы демалыс күндері қар жауады

«Қазгидромет» РМК мамандары 2018 жылдың 20-22 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Мамандардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері республиканың көп облысында күн бұлтты және жауын-шашынды болады, әсіресе қар жауады. Бұл Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттарға байланысты.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашын болмайды. Дегенмен оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін, және ауа температурасы осы кезең үшін қалыпты температураға дейін, яғни 13-20 градусқа дейін жоғарылайды.