Басты бет / Жаңалықтар /
112, төтенше жағдай, ТЖД, құтқару қызметі, құтқарушылар
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы облысында су тасқыны: 58 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы облысындағы Түрген шатқалында нөсер жауыннан кейін өзен суы күрт көтеріліп, бірнеше аумақты су басты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 58 адамды, оның ішінде 21 баланы және сегіз шетел азаматын эвакуациялады.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Түрген шатқалындағы Түрген өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, Түрген – Ассы автожолының жекелеген бөліктерін су шайып кеткен. Су басқан аумақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар «Водник» бау-бақша серіктестігінің төрт ауласына су кірген. Қауіпсіздік шаралары аясында құтқарушылар 58 адамды эвакуациялады. Олардың ішінде 21 бала және сегіз шетел азаматы бар, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиға орнында құтқару қызметтері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Мамандар сел қаупіне тұрақты мониторинг жүргізіп, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тасқынның салдарын жоюға 300-ге жуық қызметкер мен 44 техника жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін Түрген өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram