19 қазан күні еліміздің көп өңірінде ауа райы жайсыз болады

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына қарағанда, 19 қазан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жауын жауады, тек батыс пен оңтүстік-батыста күн ашық болады. Өңірлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, Алматы облысында күн тұманды болады.

Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ пен қатты желге байланысты Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астанада ескерту жарияланды. Жамбыл облысында 1-6 градус ызғар болады.