Ауа райына байланысты үш облыста ескерту жарияланды

«Қазгидрометтің» болжауынша, 24 тамыз күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

24-26 тамыз күндері Ақмола облысында жаңбыр жауады. 24 тамыз күні күндіз, 25 тамыз күні түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

24-26 тамыз күндері күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. 24 тамыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, жел түнде солтүстік-батыстан соғады, оның жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.