Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ауаның ластануы Астана мен Шымкент қалаларында байқалады. Ал Балқаш, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа сапасы әлі де лас күйінде қалып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды, ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.