Астанада жылы аялдамалар орнатылуда

Астанамыздың қарқынды дамуы қала құрылысы жобалары біріктірілген табысты басқару тәсілін іске асыру бойынша қолданыстағы көлік жүйесі мен қаланың көлік стратегиясын құруды талап етеді. Осындай шешімдердің бірі Зияткерлік көлік жүйесін (ITS) құру.

«Астана LRT» ЖШС – Астанада ITS жобаларды жүзеге асырып жатқан Қазақстандағы алғашқы және жалғыз компания. Мемлекет басшысы қазіргі заманғы технологияларды енгізу арқылы көлік ағындары мен жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін тиімді реттеу бойынша тапсырма берген болатын. Сонымен қатар, ITS жүйесінің негізгі міндеті қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын қамтамасыз ету.

Астана әкімдігі қала тұрғындарына өмір сүруді барынша жайлы қылуға тырысуда. Жолаушылардың тілектері мен өтініштерін есепке ала отырып, 200 көпфункционалды «жылы аялдама» орнату жоспарлануда. Оның ішінде 55 аялдама бюджет қаражатына орнатылады. Қала әкімінің тапсырмасына сай жаңа аялдамалар бірінші кезекте мектеп, аурухана және аңызақ жел соғып тұратын аялдамаларға орнатылады.

Айта кетейік, аялдама кешендерінің негізгі бөлігін орнату жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) механизмі арқылы құрылыс пен маңызына кететін біраз шығынды инвесторлардың өздері жабады. Осы жылы транспорт және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жабық типтегі 26 аялдама павильонын орнатады. Сонымен бірге қазіргі таңда «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық корпорациясы» АҚ 50 жылы аялдама орнату бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізуде.

Жабық типтегі аялдамаларды орнату астананың тек климаттық ерекшелігін ғана емес, заманауи талаптар мен әлеуметтік қажеттілікті де ескерген. Яғни аталмыш аялдамалар үш сектордан тұрады. Бірінші сектор – ашық күту залында жүріп тұрған маршруттардың бағдары мен кестесі, тегін Wi-Fi қамтылған және мобильді байланыстар үшін қуаттандырып алатын ток көзі қарастырылған. Аялдама кешенінің екінші жабық бөлігі климатты бақылау техникасымен жабдықталған және мұнда да тегін Wi-Fi мен маршруттардың кестесі ілінген.

Аялдаманың үшінші секторы сауда алаңына лайықталып жасалған, онда шағын және орта бизнесті дамытуға болады. Сонымен қатар, осы секторда жарнама баннерін орнататын арнайы құрылғысы да бар.

Бұдан басқа, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аялдамада бейнебақылау камерасы орнатылған. Аялдамаға қойылған талаптың барлығы халықаралық еуропа стандартымен жүргізілді. Өз кезегінде аталмыш кешенді орнатуда Астана әкімдігі азаматтардың аялдаманы жаңа күйінде сақтап, мұқият әрі ұқыпты пайдаланады деп сенеді.

Дереккөзastana.gov.kz