2018 жылы Жаңатас қала құрылысы және сәулеттік келбеті жаңарады

Жаңатасты қайта жаңарту мемлекеттік органдардың, ірі инвесторлардың, шағын және орта бизнестің, қала тұрғындарының бірлесе күш жұмылдыруы арқасында табысқа жетпек. Жаңатастың екінші тынысы ашылып, қала заманауи индустриялық орталыққа айналмақ.

«Жастар» демалыс үйі», «Үш батыр» кешені, сондай-ақ, Жібек жолы көшесін, теміржол вокзалын, автостанцияны қалпына келтіру, «Шығыс базарын» салу – мұның бәрі біріктірілген жоспарда қамтылған алғашқы жобалар. Осы жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптама өткізілген соң, тиісті бюджеттік өтінімдер жіберіледі.

Қаланы қайта жаңарту жоспарында «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ережелері, «Smart City» — «Ақылды қала» техникалық регламенттері ескеріледі.

2016 жылы Жаңатас қаласын дамытудың кешенді жоспарын «ЕуроХим» компаниясының тапсырысы бойынша ең ірі ресейлік «ВиПС» конструкторлық бюросы дайындап, бұл жоспар Жамбыл облысы әкімдігіне тапсырылған еді. Бұл инновациялық құжаттың басты мақсаты – Жаңатас қаласында тұруға жайлы жағдайды жасау. Сарысу ауданы әкімшілік орталығын дамыту жоспары «ЕуроХим» компаниясының «Өмір сүру үшін сапалы орта» атты жалпы жобасының бір бөлігіне айналды.

«ЕуроХим» компаниясының шағын қалаларды дамытуға арналған «Өмір сүру үшін сапалы орта» атты бағдарламасы Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының «Корпоративтік қайырымдылық саласындағы көшбасшылар – 2017» байқауының «Компанияның әлеуметтік инвестициялар қағидаларын және саясатын ашып көрсететін ең үздік бағдарлама» аталымында ең үздік жоба болып танылды. Аталған байқауды «Ведомости» іскерлік газеті, PricewaterhouseCoopers аудиторлық-консалтингтік фирмалардың халықаралық желісі және Донорлар форумы осымен 10 жыл қатарынан өткізіп келеді. «ЕуроХим» байқаудың бірінші жылынан бастап қатысып, «қайырымдылық ісіне қосқаны үлесі және жобадағы тұрақтылығы үшін» марапатталды.

Бағдарлама жаңа буынға жататын қоғамдық инфрақұрылымды құрып, жергілікті қауымдастықтарға арнап жүйелі әлеуметтік нәтижелерді жасауға бағытталған. Бағдарламаның түпкі мақсаты – «ЕуроХим» компаниясының өндірістері орналасқан шағын қалалардағы халықтың өмір сүру сапасын көтеру.