Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астанадағы «Шұбар» шағын ауданында жол жабылады

©inform.kz

«Қазіргі таңда мердігер ұйымдар «Шұбар» шағын ауданындағы жылумен қамтамасыз ету магистраліндегі ақауды жөндеп жатыр. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары 27 сәуір сағат 15.00-ден 30 сәуірге дейін жүргізіледі. Осыған байланысты, Арай көшесінің Сарайшық көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскесінде автокөліктер үшін қозғалыс толықтай шектеледі», — делінген полицияның хабарламасында.

Осыған орай, жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуды және көшенің баламалы учаскелерін (Ғарышкерлер көшесі, Ермеков көшесі, Тайбеков көшесі және т.б.) қолдануды сұрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *