Жамбыл облысында үш су қоймасы салынғалы жатыр

Егістікке арналған су көздері тапшылығын Жамбыл өңірі қолда бар су қоймаларын жаңғыртып, жаңарту арқылы шешпек.

Су қоймасы

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне жүгінсек, жыл сайын өңірдегі 10-12 пайыз жер су тапшылығынан игерілмей қалады екен. Оған себеп Қырғыздағы Талас пен Шу өзендерінен келетін судың тұрақты еместігі. Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларының тартылып қалуы және каналдар ақауы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймаққа үш жаңа су қоймасын салуға және тағы үш қойманы жөндеп, 280-нен астам су ұңғымасын қалпына келтіруге, 700 шақырым коллекторлық-дренаждық желіні жөндеуге 6 млрд теңге бөлінген.

Осыған сәйкес облыста салынатын шағын үш су қоймасы жамбылдық шаруаларға вегетациондық маусымда үздіксіз су беріп тұра алады.