Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Фото: Depo.ua

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

АқмолаАлматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің екпіні таңертен және күндіз 15-20 м/с соғады. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында  түнде және таңертен тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *