Оңтүстік және шығыста нөсер жаңбыр жауып, республиканың басым бөлігінде тұман түседі. Кей жерлерінде көктайғақ, жел күшейіп, оңтүстікте найзағай ойнайды.
Жамбыл облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с, кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде тұман, найзағай ойнауы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде — көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.