Android смартфоны үшін
Назарларыңызға интернеттің көмегінсіз жұмыс істейтін қосымшаларды ұсынамыз. Қолданысқа енгізу үшін оны жүктеп алыңыз. Қалауыңызға қарай кез келген байланыспен әңгімеңізді жазып ала аласыз.
1. Cube Call Recorder ACR
Бұл қосымша ұялыңызға келген қоңыраулардан бөлек, Skype, Telegram, WhatsApp, Facebook Messenger және Viber әлеуметтік желілеріндегі әңгімелеріңізді де жазып алуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл қосымша барлық смартфондарға қосылмайды. Тексеру үшін жүктеп, қосып көріңіз.
Cube Call Recorder ACR сіздің ұялымен тілдескен барлық әңгімелеріңізді сақтай алады. Баптауда өзгерту енгізу арқылы, тек өзіңізге керекті адамдардың ғана нөмірлерін ғана қоссаңыз болады. Сонда қосымша тек сіз рұқсат еткен нөмірлердің ғана қоңырауларын сақтайтын болады.
Қосымша еш жарнамасыз және тегін жүктеледі. Егерде ақылы түрін жүктейтін болсаңыз, орнатылған ПИН-кодыңызды бұғаттап алуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда, сақталған әңгімелерді тыңдау мүмкіндігі шектеледі.
2. Қоңырауларды жазу (запись звонков)
Бұл қосымша сізге келіп түскен қоңыраулардың барлығын сақтайды. Бейтаныс нөмірлермен тілдескен әңгімелеріңізді де жазып алу мүмкіндігі бар.
ПИН-кодтың көмегімен қосымша сіздің әңгімелеріңізді бөгде адамдардан қорғай алады. Қосымшаның ақылы нұсқасын пайдалансаңыз, сіздің аудиофайлдарыңыз автоматты түрде Google Drive немесе Dropbox желісінде сақталып отырады.
3. Қоңырауларды арнайы жазу(автозапись звонков для меня)
Бұл қосымша өте қарапайым. Барлық әңгімелеріңізді жазып, ПИН-код арқылы аудиофайлдарыңызды сақтайды. Баптауында басқа ерекшелік жоқ. Кемшілігі: жарнамасы тым көп. Оны тек ақылы түрде ғана алып тастай аласыз.
iPhone қолданушылары үшін
iOS көптеген қосымшаларды жүктеу мүмкіндігіне шектеу қоятындықтан, сәл қиындық тудырады. Бірақ қосымшаны пайдалану әдістері бар.
1. Мобильді қосымшалар арқылы
App Store-дан қоңырауларды жазу мүмкіндігі бар қосымшаларды табуға болады. Ол қалай жұмыс істейді? Досыңызға қоңырау шалып, әңгімелеріңізге ботты қосасыздар. Ол сіздердің әңгімелеріңізді жазып алады да, жазбаны интернет арқылы жібереді.
TapeACall Lite және Call Recorder Unlimited қосымшалары арқылы жоғарыдағы үрдісті іске асыра аласыз. Екі қосымшаның да орыс тілінде жазылған қолдану нұсқаулығы бар. Сондықтан қосымшаны пайдалану ретін түсіну қатты қиындық тудармайды.
TapeACall Lite және Call Recorder Unlimited қосымшаларын алғашқы 7-күнде ғана тегін пайдалана аласыз. Бір апта өткен соң, банк картаңыздан ақысы алынады. Қосымша ұнамаған жағдайда, 7 күн ішінде одан бас тарта аласыз.
2. Арнайы құрылғы көмегімен
Арнайы iPhone смартфондары үшін қоңырауларды жазып алу құрылғысы бар. Call Recorder қосымшасы барлық қоңырауларды, сонымен қоса Skype, Viber секілді әлеуметтік желі арқылы тілдескен әңгімелеріңізді де сақтай алады.
Кез келген ұялыда қоңырауларды қалай сақтауға болады?
Әңгімеңізді аудиофайл етіп жазып алудың бір ғана жолы бар. Ол — диктофон. Кейбір ұялы телефондарда тілдесу кезінде диктофонды қосып қоюға болады. Ал кейбір телефондардың мұндай мүмкіндігі жоқ. Бұл жағдайда тағы бір телефон пайдалануға тура келеді.