Ұялы телефон
Ұялы телефонның жасалған алғашқы байланыс тарихы 1973ж 3 сәуірінен басталды. Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер өзінің бәсекелесі, BELL LABORATORIES компаниясы зерттеу бөлімінің бастығы Джоэл Энгельге телефон шалып, жұмыс кабинетіндегі телефон тұтқасын көтерген Джэлге Мартин:» Менің қайдан қоңырау соғып тұрғанымды білесің ба? Мен ұялы телефонмен соғып тұрмын» деген. Кейін Купер;«Оның не деп жауап бергені есімде жоқ, бірақ тістерінің сықырлағанын естідім» деген.
Ұялы телефон тарихы
Қазір екінің бірі қолданатын ұялы телефон бірден қазіргі жағдайға жете қойған жоқ. Өндіріле бастаған алғашқы телефон салмағы 1,15 келі болған. Әрі бағасы 4000 доллар болғандықтан, сол кездегі бағамен едәуір қымбат болған, телефонды тек әскерилер мен ірі кәсіпкерлер, зиялы қауымдар ғана қолданған.
Иллинойс технологиялық институтының өнертапқышы Мартин Купер жаңалығын әлем халқының жартысы қолдануда.