1. Google translate

Аудармашы қосымшалардың ішіндегі ең танымалы әрі ең үздігі — Google өнімі. Онда 103 тіл бар. Өзіңізге қажетті тілдерді жүктеп алып, интернетсіз де пайдалана беруге болады. Сонымен бірге тек терілген мәтінді ғана емес, суреттердегі және өзіңіз оқып берген мәтіндерді де аударады.

Android-та кез келген қосымшадағы сөздерді белгілеп, одан шықпастан аудармасын көре аласыз. Бұл кезде арнайы виджет көмекке келеді. Сондай-ақ, барлық аударылған сөздерді сақтап қоюға болады.

Жүктеу үшін: Android, iOS

2. Microsoft translate

Microsoft қосымшасы 60 тілді аудара алады. Бұнда да оффлайн жұмыс істеу, суреттегі және ауызша мәтіндерді аудару мүмкіндігі бар.

Қосымшаның басты ерекшелігі — әр тілді адамдардың сөйлесуіне мүмкіндік беретін ортақ чаттың болуы. Енді сіз шетелдік достарыңызбен өз тіліңізде сөйлесе аласыз. Қосымша хатты аударып, досыңызға таңдаған тілінде жеткізеді. Ол үшін чат кодын досыңызға жіберу керек.

Жүктеу үшін: Android, iOS

3. iTranslate

iTranslate аудармашыда 90 тіл бар. Қосымшадан аудармамен бірге ағылшын тіліндегі етістіктердің жіктелуі жазылған кестені де таба аласыз.

iOS нұсқасында тез аударуға арналған клавиатура мен виджет бар, алайда олар алғашқы жеті күнде ғана тегін. Ары қарай қолдану үшін ақысын төлеу керек.

Жүктеу үшін: Android, iOS

4. ABBYY Lingvo

Ресейлік ABBYY компаниясының қосымшасы. Онда 11 офлайн-сөздікті тегін жүктеп алуға болады. Одан өзге тақырыптық, түсіндірме және тағы басқа сөздіктер бар.

Қосымша суреттегі мәтіндерді де аударады. iOS-нұсқада таңдалған сөздерді арнайы карточкалар арқылы жаттауға болады. Кейбір сөздерде гиперсілтемелер бар. Оны бассаңыз, сол сөзге қатысты мақалаға өтесіз.

Жүктеу үшін: Android, iOS

5. Lingvo Live

Ерекшелігі: сұрақ-жауап бөлімінде өзге қолданушылардан сөздерді немесе сөз тіркестерін аударуға көмек алуға болады. 15 тілдің 140 офлайн-сөздігі бар. Ақылы қолданушылар сөздік карточкаларын қолдана алады.

Жүктеу үшін: Android, iOS

6. Reverso

Ерекшелігі: жеке сөздерді емес, сөз тіркестерін аударады. Онда адамдардың енгізген аудармалары қолданылады.

Reverso интернетте жарияланған ресми құжаттарды, фильм субтитрлерін, өзге де мультитілді мәтіндерді сканерлеп, іздеген сөздеріңіздің аудармасын тауып береді.

Қосымшада 12 тіл бар. Интернетсіз жағдайда тек танымал сөздерді ғана аударады. Ақылы түрінде аудармалардың бірнеше нұсқасы бар, жарнама көрсетілмейді.

Жүктеу үшін: Android, iOS

7. Multitran

iOS қосымшасында 7 тіл,  Android-та 17 тіл бар. Басты айырмашылығы — қосымшада ғылыми, техникалық, тағы басқа да салалық терминдердің базасы бар.

Жүктеу үшін: Android, iOS

8. Merriam-Webster Dictionary

Ағылшын тіліндегі танымал сөздіктің қосымшасы. Онда сөздердің түсіндірмесі, синонимі, антонимі, қолданылу мысалдары, тіркестері және өзге де ақпараттары жинақталған жүз мыңдаған мақалалар бар. Сөздік пен тезаурус режимдеріне жылдам ауысады. Сөздікте сөздердің қолданылу мысалдары мен түсіндірмесі бар. Тезауруста антоним, синоним және сөз тіркестері көрсетіледі. Барлығы офлайн түрде қолжетімді.

Сондай-ақ, қосымшада сөздік қорыңызды тексеруге арналған ойындар мен тесттер бар.

Жүктеу үшін: Android, iOS