Джами Бейсенов отандық «Миымды ашытпаңыздаршы» комедиясын түсірді

«Миымды ашытпаңыздаршы» — шытырманға толы комедия, кейіпкерлері – каскадер қыз бен оның әкесі.

Фильмге Жібек Жаппасбаева, Фархат Күлбаев, Төлепберген Байсақалов және Ерден Телемісов сынды актерлар түскен.

Түсірілім жұмыстары Шри-Ланкада, Цейлон аралында және Қазақстанда өтті.

Режиссер Джами Бейсеновтің айтуынша, фильм бастапқыда «Әкесінің қызы немесе миымды ашытпаңыздаршы» деп аталған. Кейін атаудың екінші бөлігін ғана қалдыруды ұйғарған.

Отандық комедия үлкен экранға 2018 жылдың наурызында шығады.

ДереккөзBrod.kz