«Жазық төбе» (Лысая гора) сырғанау орны Қаскелеңде орналасқан. Сырғанау аймағы Сайн және Жандосов көшесімен Қаскелең трассасына дейін 12 км қашықтықты құрайды.

Шанамен сырғанау
©turnaevo.ru

«Үлкен Алматы шатқалы» әл-Фараби даңғылына дейін шамамен 10 км қашықтықта орналасса, «Үш аю» (Трёх медведей) 12 км қашықтықта орын тепкен.

Сондай-ақ, тағы бір сырғанайтын тау жотасы Талғар жолының бойында, Тұздыбастау ауылында орналасқан.

Сонымен қатар, Алматы әуежайы маңындағы көлге барып сырғанап қайтуға да болады.

MEGA Park сауда ойын-сауық орталығының маңында демалып, шанамен сырғанайтын арнайы орындар бар.

Алматы бойынша ең әдемі тау шатқалдары Алматы облысында орналасқан. Олардың бірі «Табаған» тау-шаңғы курорты. Бұл жерге отбасыңызбен барып тыныстап қайтуға болады. Аталған орын Алматыдан 17 км қашықтықта орналасқан.

Табаған
©ilovealmaty.kz

Қыс мезгілінде таза ауамен тыныстап, қайтатын тағы бір демалыс орны «Орман ертегісі» (Лесная сказка) деп аталады. «Орман ертегісі» Талғар ауданы Бесқайнар аулының маңында орналасқан. Төмен жағында Ой-Қарағай шатқалы бар. Келем деушілерге  «Орман ертегісінің» сағат 10.00-нан кешкі 21.00-дейін есігі айқара ашық.

Лесная сказка
©RealKZ.com

«АҚ — БҰЛАҚ» биiк таулы шаңғы курорты адамды өзіне ерекше табиғатымен тамсандырады. Мұнда қыс мезгілінеде таза ауамен тыныстап,  шаңғы теуіп, сноубордпен сырғанап қайтуына мүмкіндік бар. Аталмыш орын Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында орналасқан.