Алматыда IT саласының білім беру жобасы іске қосылады

Пилоттық жоба аясында әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орнының студенттері жоғары сынып оқушыларына, жоғары оқу орнындардың инженерлік факультеттерінің студенттеріне және  IT саласында ісін дамытып жүрген бизнес өкілдеріне арнайы шеберлік сағаттары мен дәрістерін өткізеді. Дәріс 2018 жылдың қаңтар айының 8-30 аралығында болады.

Білім беру жобасы өз кәсібін дамыту үшін ізденісте жүрген компания өкілдеріне арнайы бизнесті дамыту тетіктері, маркетинг, командалық жұмыс сынды арнайы бағдарлама бойынша курс әзірленген.

Шақырылған менторлар – АҚШ пен әлемге танымал көшбасшы техникалық жоғары оқу орны MIT-дің белді студенттері Кайл Швансон мен Мартин Каррика.

Шеберлік сағаттары мен тренингтер оқушылар мен студенттер үшін СДУ кампусында, ал бизнес өкілдері үшін Алматы SmArt.Pointковоркинг-орталығында өткізіледі.

Айта кетейік, курстан өту үшін http://sdu-mit.tilda.ws/сайтында алдын ала тіркелу қарастырылған, әрі курс бағдарламы көрсетілген. Дәріс ағылшын тілінде өтеді. Курс соңында тыңдармандар MIT стандартарына сай арнайы сертификаттарға ие болады.

Дереккөзaikyn.kz