ХҚКО-да «Тілектер шыршасы» орнатылды

Тілек шыршасындағы хаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері жинап, қадағалайды. Қазірдің өзінде олар Аяз атаға арналған 3 пен 15 жас аралығындағы 60 баланың хатын жинады.

ХҚКО-на келген кез-келген адамның Аяз ата болып, баланың ізгі тілегін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Балалардың тілек хаттары ілінген шырша Астана қаласы, Республика даңғылы 43 мекенжайындағы №8 бөлімі мен Алматы қаласы, Марков көшесі, 44 мекенжайындағы Медеу аудандық №1 ХҚКО бөлімінде орналасқан.

«Тілектер шыршасы» акциясы 27 желтоқсанға дейін жалғасады.

ДереккөзBaq.kz