Астанада операторсыз ХҚКО ашылады

«Жақын арада Астанада digital халыққ қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр. Онда мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандырылған режімде алуға болады. Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығын ашу — мемлекеттік қызметтердің жаңа форматына көшудің кезеңі. Енді азаматтар мемлекеттiк корпорация павильонындағы қоғамға қолжетiмдi пунктер, «Connection Point» өз-өзiне қызмет көрсету секторы мен арнайы стендтерде орналасқан планшеттер арқылы электрондық өтiнiштердi өздерi бере алады», — дейді Абаев мырза.

Бүгінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету процестерін одан әрі дамыту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Ең алдымен, «электрондық үкіметтің» және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін үйлестіру мен дамыту шаралары ескерілген.

«Қазіргі кезде 746 мемлекеттік қызметтің  621-і немесе 83 пайыздан астамын азаматтар мемлекеттік корпорация арқылы алуға қауқарлы. Еліміз бойынша оның 349 фронт-кеңсесі бар. Оларда жұмыс істейтін 22 мыңға жуық қызметкер жыл сайын 34 миллионнан астам қызмет көрсетуде», — деп нақтылады Дәурен Абаев.