Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін еліміздің кейбір аймағында өрт қаупі басым

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде өрт қаупі басым деп ескерту жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы облысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, Солтүстік-Казақстан облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетысу, Абай, облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, орталығында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Атырау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мақалаға реакция