Жаңа жыл: Еліміздің бас шыршасы жағылды

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталинаның айтуынша, бас шырша ЭКСПО алаңына бекер орналастырылған жоқ.

«Бұл дәстүрлі шара болғандықтан, біз жыл сайын еліміздің бас шыршасының шамдарын салтанатты түрде жағамыз. Шыршаның осы жерде орнатылуы кездейсоқ емес әрі символдық мәнге ие. Себебі жақында ған осы аумақта «ЭКСПО» көрмесі өтті. Өздеріңіз байқағандай, бұл алаң ел тұрғындары үшін маңызды болып отыр, сондықтан елміздің бас шыршасының шамдарын «ЭКСПО» аумағында жағу шешімі жасалды», -дейді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, биылғы Жаңа жылдық шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол 6000 шармен безендірілген.

ДереккөзInform.kz