19 қазан: жел күшейіп, жаңбыр жауады

Республиканың көптеген аймақтарында жел күшейіп, тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м\с жетіп, оңтүстік-батысында 30 м/с қатты жел тұрады.

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м\с, күндіз кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында да желдің екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 23 м/с, кей жерлерде тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік , Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 18 м/с-ке жетеді.