Қостанайда Ыбырай Алтынсарин кесенесі ашылды

Шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, еңбек ардагерлері қатысты.

Облыс əкімі ұлы ағартушы кесенесінің жаңартылуына 81 млн теңге көлемінде қаржы бөлінгенін айтты.

«Жақында Кейкі батыр, Шақшақ Жəнібек кесенелерін аштық. Ал Ыбырай Алтынсарин кесенесінің ашылуы — биылғы жылы жүргізіліп жатқан рухани шаралардың бір парасы. Бұл қаражатқа кесенені жөндеу және сол аймақты абаттандыру қарастырылған. Келешекте кесене маңайында жаңа саябақ пайда болады. Кесененің мердігері Маңғыстау реставрациялық компаниясына алғыс айтамын»,- деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Айта кетейік, шаралар легі облыстық филармониядағы «Туған жер — Туған ел»: білім беру жүйесін дамыту басымдылығы» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциямен жалғаспақ.

ДереккөзInform.kz