9 қазан: ауа райы жауын-шашынсыз

Бүгін республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады.

Шығыс қиырында түнде және таңертен тұман түседі.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел18-23 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында желдің күшеюі 15-23 м/с болып, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.