Алматыда көркем гимнастикадан қала біріншілігі өтеді

2003-2010 жылдары туылған балалар топтық және жеке бағдарламада сынға түседі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамота және медалдар, ал барлық қатысушыларға ұйымдастырушы тарапынан сыйлықтар табысталады.

Қала чемпионатының ашылу салтанаты қазанның 7-і күні сағат 14:30-да «Демир-Дос» спорт кешенінде өтеді. Мекен-жайы, Жамбыл көшесі-77.

Жарыс ұйымдастырушылары: № 11 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Бірінішіліктің басты мақсаты көркем гимнастиканы көпшілікке танытып, қатысушылардың спорттық деңгейін арттыру және спорттық разрядтарын өсіру, сонымен қатар Алматы қаласының құрамына іріктеу болып саналады.

Іріктеліп алынған спортшылар Шымкент қаласында қазан 18-і күні өтетін Қазақстан чемпионатында қала намысын қорғайтын болады.