4 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың тек батысында күтіледі.

Бүгін кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болжанады.

Қостанай облысын тұман басып, түнде басым бөлігінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде көктайғақ, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда өңірлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады.