Қостанайда АИ-95 маркалы бензин бағасы қымбаттады

Қостанай қаласында АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 155 теңгеге дейін қымбаттады.

Жүргізуші Розаима Канның айтуынша, ол күндегі әдетпен жанармай құю үшін бекетке 19.00-де келгенде бағаларды көріп таңғалған.

«Жұма күні 152 теңгеден құйған едім, ал кеше бірден 155 теңге. Баға өсіп жатыр… Мұның себебі неде екенін түсінсем бұйырмасын», — дейді ол.

Айта кетейік, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қыркүйектен бастап қымбаттаған.

ДереккөзInform.kz