Қызылордадағы шыны зауыты қашан іске қосылады?

Қызылорда қалалық мәслихаттың өкілі ҚР Инвестициялар және даму министріне: «Алматы облысында шыны зауыты бар. Осыдан 5 жыл бұрын Қызылорда облысында шыны шығаратын зауыттың құрылысы басталған болатын. Біз ЭКСПО-ны отандық әйнектермен жасаймыз деп үміттенгенбіз. Бірақ, зауыттың құрылысы әлі аяқталмады. Зауыт құрылысы қай деңгейде және біз отандық әйнектерді құрылыста қашан қолдана бастаймыз? Себебі, қазіргі уақытта әйнекті біз импорттап отырмыз», — деген сауал қойды.

Жеңіс Қасымбек аталған сұрақ бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

«Алматы Стекло» тамақ өнеркәсібіне арналған кәсіпорын. Ал Сіз айтқан Қызылордадағы кәсіпорын бойынша өздеріңіз білетіндей мәселе болған. Осы жылдың басында бірқатар жұмыстар тоқтатылған. Бірақ, бүгінгі күні үрдіс қайта жандана бастады. Құрылыс компаниялары, демеушілер мен ақша бөлгелі отырған банктер жұмысын қайта бастап кетті. Келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында зауыт жұмысын бастайды деп күтіп отырмыз», — деді ол.

ДереккөзInform.kz