Бүгін — астрономия күні

Астрономия күні

4 қазан күні астрономия күнін тойлау идеясын Солтүстік Каролина Астрономиялық қауымдастығының президенті Дуг Бергер ұсынған. Ол алғаш рет 1973 жылы тойланды.

Халықаралық мұғалімдер күні

Мектеп оқушы мұғалім

1994 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 4 қазан күні Халықаралық мұғалімдер күні аталып өтіледі. 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен ЮНЕСКО бас конференциясында білім беру қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы алғашқы халықаралық құжат қабылданды.

Халықаралық жануарлар күні

Жануарларды қорғау

Флоренциядағы Табиғатты қорғаушылар қозғалысы белсенділерінің халықаралық конгресі шешімімен 1931 жылдан бері католик мерекесі — Әулие Франциск күні атап өтіледі. Бұл мереке халық арасында жануарларды қорғау күні атауымен мәндес.