Бурабай ауданында «Табиғат сыйлығы» фестивалі өтті

Ақмола облысының әкімдігі  хабарлағандай, байқау «Рухани  жаңғыру» ұранымен «Туған жер — туған ел» арнайы жобасы аясында жүзеге асырылды.  Шараға  Ақмола облысы, ОҚО, СҚО  аудандарының  дайындаушылары қатысты.

Фестивальде  үй әзірлемелері таныстырылды.  Жеміс-жидек пен тоспа, бал, саңырауқұлақ, балық және емдік шөптер қойылды.

Фестиваль аясында   конкурстық бағдарламалар  жүзеге асырылды, қатысушылар  өздерінің жетістіктерімен таныстырып, астық жинау бойынша шеберлік сыныптарын  өткізді.

Байқау бағдарламалары  «Табиғат сыйлығын  дайындау бойынша үздік шеберлік сыныбы», «Бірегей көрмелік экспозиция», «Ең үздік әзірлеуші», «Ең жомарт сатып алушы» номинациялары бойынша  жүзеге асырылды.

Байқау бағдарламаларының жеңімпаздарына  дипломдар мен естелік сыйлықтар үлестірілді.