Бүгін — Халықаралық жануарларды қорғау күні

Халықаралық жануарларды қорғау күні

1931 жылы табиғат қорғау қозғалысының Халықаралық конгресінде 3 қазанды Халықаралық жануарларды қорғау күні деп бекіту туралы шешім қабылданды. Содан бері жануарларды қорғау қоғамы бұл атаулы күнді жыл сайын атап өтеді.

Бүгін — Оңтүстік Корея мемлекетінің негізі қаланған күн

Оңтүстік Корея

Оңтүстік Кореяда ұлттық мерекелер көп. 3 ққазан Оңтүстік Кореяның негізі қаланған күн ретінде 1949 жылы Ұлттық мерекелік күндер туралы Заңмен бекітілген. Бұл 5 ұлттық мерекенің бірі болып саналады.

Тәуелсіздік күні

Ирак

1932 жылы Ирактың Ұлыбританиядан тәуелсіздік алуына орай 3 қазан Иракта тәуелсіздік күні болып бекітілді.