Оңтүстік Кореяда қазақ мәдениетінің күндері өтті

Мұнда жұртқа кәдесыйдың түр-түрі ұсынылып, келушілер ұлттық киімдерді киіп көруге мүмкіндік алды. Ал ең кішкентай қонақтар үшін Қазақстан және Қырғызстан елшілігінің өкілдері қазақ және қырғыз ертегілерін оқып берді.

Айта кету керек, «Жаңа жылды қай мезгілде қарсы алу керек?» және «Алдар Көсе» ертегілері қазақ тілінен корей, ағылшын және орыс тіліне аударылған. Бұл – екі елдің Мәдениет министрліктерінің біріккен жобасы. Кітаптарды дүкенде сатып алуға немесе Оңтүстік Кореяның кітапханаларында оқуға болады.

Чон Бон Су, Азия мәдениеті орталығының сарапшысы: Биыл бізге тағы үш қазақ ертегісі түсті. Оларды аударып, біреуін ғана таңдап аламыз. Сосын оны корей, ағылшын және орыс тілінде басып шығарамыз.

Дереккөз24.kz