Леонардо Ди Каприо атындағы қор табиғатты қорғауға қаражат бөлді

Қордың қаражаты жүзден астам ұйымдарға берілді. Аталмыш қордың баспасөз қызметі қаражат жабайы табиғатты сақтау бағдарламаларына, байырғы халық құқықтарын қорғауға көмек және ауа райы өзгерістерімен күреске бағытталған инновациялық күштерді қолдау мен  күрделі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған деп мәлімдеді.

Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 20 миллион долларды құрайды. Ди Каприо қоры үшін бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.

Айта кетейік, «Оскар» сыйлығының лауреаты Леонардо Ди Каприо өзінің қоршаған ортаны қорғау бойынша қайырымдылық істерге белсене араласқаны  үшін 2014 жылы БҰҰ-ының ауа-райы мәселелері бойынша әлем елшісі болып тағайындалған болатын.

ДереккөзInform.kz