Не болды?
ҰБТ-ға көмектесемін деп талапкерлерді алдап кеткен күдікті Албанияда ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, Албаданиядағы елшіліктің қолдауымен Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері бірнеше рет заң бұзған Қазақстан азаматын ұстады.
Күдікті 2022-2023 жылдары интернет арқылы оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаймын деген желеумен 32 адамнан ақша алған. Талапкерлерге жоғарғы оқу орындарына түсіру жайлы уәде беріп, көрінеу жалған мәлімет таратқан. Кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Шығын көлемі — 28 миллион теңгеден астам. Күдікті Албанияда ұсталып, бас прокуратураның сұрау салуы арқылы елге оралды.
Контекст
Естеріңізге салайық, ҰБТ сертификатын қолдан жасағандарға қылмыстық жауапкершілікке жүктеледі.
