Күзде ағзаға қандай дәрумен қажет?

Күз мезгілінде дұрыс тамақтану, дәрумендер қабылдау аурудың алдын алып, адамның иммунитетін көтеруге көмектеседі. Біз атын жиі ести бермейтін Е дәрумені күз айларында таптырмас қуат көзі бола алады.

Ғылым тілінде токоферол деп аталатын дәруменнің жетіспеуінен тырнақтардың сынғыштығы, шаштың түсуі мен беттегі қара дақтар болады. Жылдам шаршау, ашуланшақтық та осы дәруменнің жетіспеуі салдарынан болады.

Е дәруменінің қорын ағзада жинақтауға болмайды. Сондықтан, күн сайынғы нормасының орнын толтырып отыруға тырысқан дұрыс. Сонымен, Е дәруменін қайдан алуға болады?

Миндаль

Дәнді дақылдар, грек жаңғағы мен миндаль, жасыл көкөністер мен шөптердің құрамында аз көлемде болсын Е дәрумені кездеседі. Қауын-қарбыз бен алма Е дәруменіне бай.

Күнделікті тұрмыста қолданатын майлардың, атап айтқанда өсімдік майы, жүгері майы мен зәйтүн майының құрамында да Е дәрумені бар. Е дәруменінің бір күндік нормасын орындау үшін тағам құрамындағы майдан бөлек, аталған сұйық майды күніне 1 қасық қолданса жеткілікті.

Өсімдік майлары