Басты бет / Жаңалықтар /
Үсік
Фото: S.om1.ru

22 қыркүйек: бірнеше облыста үсік жүреді

22 қыркүйек күні батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде 3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok