157 құрам бойынша айыппұл көлемі азаяды

«Әкімшілік құқықбұзушылықтардың 345 құрамы бойынша санкциялар жеңілдейді. Оның ішінде 157 құрам бойынша айыппұл мөлшерін төмендету ескеріліп отыр. Ескерту институтын да кеңейтпек ниеттеміз. «Ескерту жасау» жазасын ескеретін құрамдардың санын 38-ге дейін көбейту және және 30 құрам бойынша жазаны қайта қарау қамтылған», — деді Баймолдина.

ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне қарағанда, аса қауіп төндірмеген құқық бұзушылықтар тұрғысында айппұл мөлшерін азайту ескерілген.

«Соңғы үш жылда бізде жол-көлік оқиғаларының саны азайып келеді. Осы орайда апат салдарынан жарақат алғандар мен қаза болған адамдар да азайды. Сондықтан заңнаманы ізгілендіру мен айппұлдар мөлшерін азайту қадамына барып отырмыз»,- деді тілшілерге берген сұхбатында Е.Тұрғымбаев.

ДереккөзInform.kz